Қостанайда контрабандалық жолмен темекі жеткізу арнасының жол кесілді
ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM - Қостанайда полицейлер 50 миллион теңге болатын контрабандалық темекіні жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс орталығының қоймаларының бірінде полиция қызметкерлері 50 миллион теңгеден астам сомаға есепке алу-бақылау маркалары жоқ 126 мың қорап темекіні тауып, тәркіледі.
Анықталғандай, қыркүйек айында жергілікті кәсіпкер бұл партияны кейіннен сатуды көздеп, белгісіз біреулерден нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алған.
Қазіргі уақытта полицейлер жеткізу арнасын және заңға қайшы әрекеттерге қатысы бар барлық адамдарды анықтау үшін одан әрі іс-шаралар жүргізуде.
«Жиналған және алынған материалдар Қостанайдың Мемлекеттік кірістер басқармасына берілді»,-делінген хабарламада.
Осыған дейін БҚО-да құны 714 млн теңге тұратын темекі өнімдерін шекарадан құжатсыз алып өтпек болғандардың ұсталғаны туралы хабарладық.