ҚР Президенті Ауғанстандағы жағдай бойынша жиын өткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлект басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді. Бұл туралы ҚР Президенті твиттер парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

« Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткіздім. АИР-дағы азаматтарымыз бен дипломаттарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма бердім. Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың ушығып бара жатқанына алаңдаушылық білдіреді. Ахуал мұқият бақылауда. Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру тапсырылды. Кабулдағы Қазақстан елшілігі шағын құрамда жұмыс істеуде. Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қабылданып жатыр», - деп жазды Президент.



Еске салсақ, «Талибан» қозғалысының содырлары Ауғанстанның маңызды әрі ірі қалаларын басып алды. Халықаралық ұйымдар дабыл қағып Ауғанстанда соңғы 72 сағатта ондаған бала қаза тапқанын жариялады.

Сондай-ақ, ҚР дипломатиялық миссиясы Кабулда шектеулі құрамда жұмысын жалғастыруда.


Соңғы жаңалықтар