ҚР Президенті Екібастұз тұрғындарына шыдамдылық танытқандары үшін алғыс айтты

ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз тұрғындарымен әңгімелесу барысында қиын-қыстау жағдайда шыдамдылық танытқаны және апат салдарын жою кезінде азаматтық белсенділік көрсеткені үшін екібастұздықтарға алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бұған дейін жазғанымыздай, бүгін Президент Қ.Тоқаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды.

«Екібастұзға ахуалды көру үшін арнайы келіп отырмын. Өткен қыс оңай болған жоқ. Бәрін көрдім, түсінемін. Дегенмен бәріміз бір ұлт, бір ел ретінде ауызбіршілік танытуымыз керек. Қала тұрғындары осы қиын жағдайда сабырлық танытып, шыдады. Азаматтық позициясын, көзқарасын білдірді. Сондықтан баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Үкіметке тиісті тапсырмалар берілді. Тиісті қаражат бөлінді. Сондықтан бәрі ойдағыдай болады деп ойлаймын», – деді Президент.


Өңірге сапар барысында Мемлекет басшысы Екібастұздағы жылу электр орталығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұз қаласындағы жылумен қамту жүйесін жаңғыртуға Үкімет тарапынан көрсетілген қолдау шаралары туралы баяндады.

Еске салсақ, былтыр 27 қарашада Екібастұз ЖЭО-да бірнеше қазандық істен шығып, қала жылусыз қалған еді.


Соңғы жаңалықтар