ҚР Сыртқы істер министрінің Мәскеуге ресми сапары басталды

МӘСКЕУ. KAZINFORM — Еліміздің Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Ресей Федерациясына ресми сапары басталды. Бұған дейін Е. Көшербаев үш жылдан астам уақыт Қазақстанның Ресейдегі елшісі болған еді. Ал бүгін Мәскеуге жаңа лауазымда Кабала мен Душанбеден кейін үшінші ресми сапарымен келіп отыр.

ҚР Сыртқы істер министрінің Мәскеуге ресми сапары басталды
Фото: Айжан Серікжанқызы\Kazinform

Ең алдымен қазақстандық министр Қызыл алаңдағы Александр саябағында белгісіз сарбаз қабіріне гүл шоғын қойды. Биыл — екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл.

ҚР Сыртқы істер министрінің Мәскеуге ресми сапары басталды
Фото: Айжан Серікжанқызы\Kazinform

Мерейлі жылдар мен атаулы күндер легі мұнымен аяқталмайды, дәл бүгін — 22 қазанда Қазақстан мен Ресейдің дипломатиялық қарым қатынас орнатқанына 33 жыл толып отыр.

ҚР Сыртқы істер министрінің Мәскеуге ресми сапары басталды
Фото: Айжан Серікжанқызы\Kazinform
ҚР Сыртқы істер министрінің Мәскеуге ресми сапары басталды
Фото: Айжан Серікжанқызы\Kazinform

ҚР СІМ хабарлауынша, бүгін Ермек Көшербаев Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуі жоспарланған. Сондай-ақ кеңейтілген екіжақты кездесуде ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады.

Айта кетейік, 2024 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы $28 млрд-қа жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңінее 3%-ға ұлғайған еді.

Қазақстанның сыртқы сауда айналымындағы Ресейдің үлесі 20%-ға жетіп, 2023 жылғы көрсеткіштен 19% асып түсті. Бұл ретте Ресейдің Қазақстан импортындағы үлесі 28%-дан 31%-ға дейін өсті.

Ал биыл Қазақстан мен Ресейдің бірлескен бастамалар портфелінде 171 жоба бар, олардың жалпы сомасы 53 млрд доллардан асады. Бұл көрсеткіш 2019 жылы қол қойылған Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың жол картасында белгіленген бастапқы жоспарлардан алты есе көп.

Еске сала кетсек, Президент Қасым Жомарт Тоқаев 12 қараша Ресейге мемлекеттік сапармен барады.

Айта кетейік, РФ Сыртқы істер министрлігі Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдайға түсінік берді.

Соңғы жаңалықтар