КВИ бойынша жағдайы ауыр науқастардың саны артты - Алексей Цой
«28 ақпанмен салыстырғанда, 30 наурыздағы көрсеткіш бойынша жағдайы ауыр науқастардың саны 32 пайызға артып, 440 адамды құрады», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, наурыз айынан бастап халықты тестілеуден өткізу көлемі тәулігіне 49 мың зерттеугедейін артты. Ақпан айында тәулігіне 38 мыңға дейін зерттеу жүргізілді. Тестілеуден өткізудің тәуліктік қуаты 113 мың зерттеуді құрайды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Алексей Цой соңғы 2 аптада Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы облыстарында науқас саны артып, жалпы КВИ жұқтырғандар 1,5 есе өскенін айтты.
«Халық арасында вирустың қауіптілігіне сенбейтін адамдар бар, олар үйлену тойларын, банкеттерді жеке үйлер мен коттедждерде өткізуді жалғастырып келеді», - деді министр.