Қырғызстаннан тұрмыстық электр құралдарын заңсыз әкелгендерге 1,8 млн теңге айыппұл салынды

«ЕАЭО шеңберінде берілетін сәйкестікті бағалау туралы құжатқа қатысты мемлекеттік бақылауды күшейту және жалған сертификат жасатумен күресу мақсатында бірқатар шара қолға алынып жатыр. Сонымен қатар елге әкелінетін өнімге камералдық бақылау, қауіпті өнім тізілімін пысықтау және оны Астана-1 кеден қызметінің ақпараттық жүйесімен интеграциялау бойынша жұмыс жүріп жатыр. Биыл қаңтарда біздің комитеттің бұйрығымен елімізге Қырғызстаннан әкелінген тұрмыстық электр құралдарының өнімдері бойынша (аккредиттелген зертханада сынақтан өтпеген) 12 заңсыз ресімделген декларацияның күші жойылды. Аталған өнімді сату фактісі бойынша айыптыларға 600 АЕК (1 837 800 теңге) көлемінде айыппұл салынды», - деді Қуаныш Елікбаев БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, жалған сертификатпен күрес мәселесі ерекше бақылауда.
«Қырғызстан елімен екіжақты келісімнің негізінде қырғыз импорттаушыларына заңсыз берілген 12 сәйкестік декларациясы туралы мәлімет жолданды. Біз ұсынған мәліметтер негізінде қырғыз тарапы сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды тіркеу жүйесіне қол жеткізуді шектеп, «ИнтерСерт» сертификаттау жөніндегі орган (Бішкек қаласы) аттестатын қолдануды тоқтатты. Осылайша, екіжақты іс-қимыл қауіпті өнімнің алдын алу және жалған сертификатпен күресте өз тиімділігін көрсетті», - дейді ол.
Бұған дейін комитет басшысының орынбасары елімізге сырттан келетін тауарларға бақылау қалай жүретіні туралы айтты .
Сондай-ақ, тауары сертификатталмаған импорттаушыларға 6,2 млн теңгеге айыппұл салынғаны айтылды .
Одан бөлек, өткен жылы елімізге 41,2 млрд АҚШ долларға тауар әкелінгені хабарланды .