Қызылордада арнайы операция кезінде есірткі притоны анықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық полицейлер арнайы операция кезінде есірткі притонын анықтады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
None
None

Қызылорда ПД Есірткі қылмысына қарсы іс қимыс басқармасының қызметкерлерімен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында 68 жастағы қызылордалық өзінің тұрғылықты мекенжайында үш сыбайласымен бірге есірткі затын қайнату арқылы «экстрациялық апиынды» дайындап, тамыр арқылы егіп, тұтыну үшін притон ұйымдастыру үстінде ұсталды.
Мекенжайына қарап-тексеру кезінде айғақты заттар – есірткі заты қайнатылған ыдыс-аяқтар, шприцтер заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Ұсталған күдікті өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 302-бабының 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды және ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Соңғы жаңалықтар