LIVE: Армения премьер-министрі Никол Пашинянның Қазақстанға ресми сапары

АСТАНА. KAZINFORM - Ақордада елімізге ресми сапармен келген Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды ресми қарсы алу басталды.

ресми сапар
Фото: Kazinform

Никол Пашинянның Астанаға ресми сапары 20-21 қараша күндеріне жоспарланған. 

- Сапар бағдарламасы аясында екі ел делегацияларының қатысуымен келіссөздер өтіп, Қазақстан мен Армения арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады, - деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.

Армения Премьер-министрі Астанаға кеше кешке келген еді. Оны ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов күтіп алған болатын. 

Соңғы жаңалықтар