Лос-Анджелестегі өрт: тонау қаупіне байланысты коменданттық сағат енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM – Жұма күні кешке жергілікті билік өртке байланысты тұрғындар босатқан Тынық мұхиты Палифик-Палисейдс және Итон аудандарында сағат 18.00-ден таңғы 6.00-ге дейін коменданттық сағат жариялады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

Более 100 тысяч человек получили приказ об эвакуации в Лос-Анджелесе
Фото: Chris Pizzello/Invision

Коменданттық сағат бос қалған үйлер, соның ішінде миллиондаған долларға бағаланған зәулім үйлер тоналуы мүмкін деген қауіпке байланысты жарияланған.

- Талан-тараждың орын алып жатқанының айқын белгілері бар. Кейбіреулердің апаттан аман қалған адамдар тұрып жатқан аймақтарға тонау үшін бара жатқанының айқын белгілері бар, - деді Байден.

Биліктің хабарлауынша, тонаудың алдын алу үшін Палисейдс пен Итонға 210 полиция қызметкері жіберілді.

Байден Калифорнияда орман өртіне байланысты апатты жағдай жариялады.

Бұған дейін Калифорнияда орман өртінен қаза тапқандар саны 10 адамға жеткенін жазған болатынбыз.

Лос-Анджелесте Калифорния орманын өртеді деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Калифорния штатында болып жатқан орман өрттеріне байланысты жағдайды мұқият бақылауда.

 

Соңғы жаңалықтар