Махмұд Сабырхан Ливерпульдегі әлем чемпионатын жеңіспен бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық былғары қолғап шебері Махмұд Сабырхан 1/16 финалдық кезеңдегі айқаста қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.  

бокс
Фото: Бокс федерациясы

55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы мексикалық Бриан Оуен Ортизбен жұдырықтасты. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан отандасымыздың жеңісін тіркеді. 

Осылайша Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегін сенімді өткізіп, әлем чемпионатының 1/8 финалдық кезеңіне жолдама алды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшы Надежда Рябецтің әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіліп қалғанын, есесіне Виктория Графееваның алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткенін жазған едік.

Ал ерлер арасында Төрехан Сабырхан мен Бейбарыс Жексен Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем біріншілігін жеңіспен бастады.

Соңғы жаңалықтар