Маңғыстау облысында 16 жаңа жол салынып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Маңғыстау облысында жергілікті маңыздағы автожолдардың 97%-ының жағдайы жақсы. Оған қоса, 491 шақырым болатын 16 жол салынып жатыр. Бұл туралы өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай айтып берді. 

Маңғыстау облысында 16 жаңа жол салынып жатыр
Фото: Көлік министрлігі

Оның айтуынша, географиялық орналасуына орай облыста көлік қозғалысының барлық түрі (автомобиль жолы, әуе жолы, темір жол, су жолы) қалыптасқан.

– 2025-2026 жылдары Маңғыстау облысының аумағында республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында жалпы ұзындығы 491 шақырымды қамтитын 16 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, - деді Н. Қилыбай елордада Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен бірге, облыстағы қоғамдық көлік маршрутында жаңартылған автобустардың үлесі – 90%-ға жетті. 2021-2025 жылдары 333 жаңа автобус сатып алынып, 35 жаңа бағыт ашылған.

2026 жылы тағы 75 автобус алынады, соның нәтижесінде автобус паркі 100%-ға жаңартылады. 

Бұған дейін Нұрдәулет Қилыбай Қазақстан мен Әзербайжан арасында алғашқы паромдар қатынай бастайтынын айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар