Маңғыстауда Кұлалы аралынан да итбалықтардың өлексесі табылды

АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстау облыстық экология департаменті Құлалы аралының жағалауынан 71 итбалықтың өлексесі табылғанын хабарлады. 

итбалықтар
Фото: Маңғыстау облыстық экология департаменті

Департаменттің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары, балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері және Гидробиология және экология институтының мамандары 8 қараша күні Кұлалы аралының теңіз жағалауында экологиялық мониторинг жүргізген.

итбалықтар
Фото: Маңғыстау облыстық экология департаменті

- Мамандар теңіз суынан зертханалық талдауларға арналған сынамалар алды. Талдау нәтижелері жануарлардың қырылу себептерін анықтауға және осы аудандағы теңіз экожүйесінің қазіргі жағдайын бағалауға мүмкіндік береді, - делінген хабарламада. 

итбалықтар
Фото: Маңғыстау облыстық экология департаменті

Бұған дейін, Маңғыстауда Түпқараған ауданы Бозашы мүйісінен 112 итбалықтың өлексесі табылған еді. Кейін итбалықтардың неден қырылғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар