Мектептерде құрдастарына теріс ықпал ететін 1 800 бейресми «көшбасшы» анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Жыл басынан бері баласы түнгі уақытта бақылаусыз жүргені үшін 107 мың ата-ана жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты.

төбелес
Фото:freepik.com

- Жасөспірімдер қылмысының алдын алу қамтамасыз етіліп жатыр. Ашығын айтайық, бұл салада проблема аз емес. Биылдың өзінде 1 600 қылмыс тіркелді. Көбісі – ұрлық, бұзақылық, тонау, есірткі қылмыстары. Басты себеп – ата-ана бақылауы жоқ. Түнде бақылаусыз жүрген балалар үшін 107 мың ата-ана, 1 900 ойын-сауық мекеме иесі жазаланды. 4 200 қараусыз бала Бейімдеу орталығына жеткізілді, - деді Ержан Сәденов ІІМ-де өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Сондай-ақ ол 5 100 бала және міндетін жүйелі орындамайтын 6 400 ата-ана есепте тұрғанын айтты.

- Мектептерге ювеналдық полиция, учаскелік және жедел қызметкерлер бекітілген. Түсіндіру жұмысы жүргізілуде. 73 мың сабақ өткізілді. Құрдастарына теріс әсер ететін 1 800 бейресми «көшбасшы» анықталды. Олармен жұмыс барысында қорқытып ақша алудың 59 фактісін анықтап, жолын кестік. Өткен жылғы түзетулер аясында буллинг үшін 256 құқық бұзушы жауапқа тартылды, - деді ол.

Айта кетейік, жыл басынан бергі 9 айда есірткіні жасырын таратумен айналысқан 61 жасөспірім ұсталды.

Соңғы жаңалықтар