Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті шығарып салды

АСТАНА. KAZINFORM — Шавкат Мирзиёев Қазақстанға жұмыс сапарын аяқтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті шығарып салды
Фото: Ақорда

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге Ақаба процесі саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті елорда әуежайынан шығарып салды, — делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті шығарып салды
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті шығарып салды
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті шығарып салды
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті шығарып салды
Фото: Ақорда

Еске салсақ, 6 қараша күні Астанада Ақаба процесі саммиті өтетінін жазғанбыз. Жиынға бірқатар мемлекеттің басшылары қатысатыны жоспарланды.

Бұған дейін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Ақаба процесі саммитіне қатысу үшін Қазақстанның елордасына келгені хабарланды.

Бүгін Астанада Ақаба процесінің «Жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік» тақырыбына арналған саммиті өтті.