Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті

АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары Император Нарухитомен кездесуден басталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары
Фото: Ақорда

Президент қонақжайлық танытқаны үшін Жапония Императорына ризашылығын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Күншығыс елінің тәртібі мен табандылығын әуелден үлгі тұтатынын атап өтті. Сондай-ақ екі елді өзара құрмет пен түрлі саладағы табысты ықпалдастыққа негізделген байырғы достық қатынастар біріктіретінін жеткізді.

Император Нарухито Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары Жапония мен Қазақстан арасындағы байланыс тарихында елеулі уақиға ретінде қалатынын және екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығаратынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы мен Император өзара ынтымақтастық мәселелері және халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды.

Қазақстан Президентін Токио қаласының Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды.

Токиода жалпы құны 3,7 млрд доллардан асатын келісімдерге қол қойылады.

Токио Қазақстан Президентінің сапарына қалай дайындалып жатқанын жазған едік.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 18-20 желтоқсанға жоспарланған Жапонияға ресми сапары қарсаңында осы елдің Қазақстандағы Елшісі Ясумаса Ииджима Kazinform агенттігіне эксклюзив сұхбат берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сапар аясында император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен кездесу жоспарланған. «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысып, іскерлік орта өкілдерімен жүздеспек. Kazinform тілшісі Қазақстан мен Жапония арасындағы байланыстың маңызды тұстарына тоқталып көрді.

Соңғы жаңалықтар