Президентке Вашингтонда әлемдік нарыққа шыққан ІТ стартаптар таныстырылды

ВАШИНГТОН. KAZINFORM —   Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға сапары аясында халықаралық нарыққа шыққан отандық ІТ стартаптардың негізін қалаушылармен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысына қазақстандық ІТ стартаптар таныстырылды
Фото: Ақорда

Президентке еліміздің алғашқы «сыңармүйіз» стартапы – Higgsfield AI жасанды интеллектіге негізделген кинематографиялық сапалы бейнені генерациялауға арналған платформасы, Deep Infra – машиналық оқыту модельдерін орналастыруға және іске қосуға арналған қызмет, Valinor – биотехнология саласындағы стартап, ARC Drones – автономды дрондарды әзірлеуші, сондай-ақ басқа да перспективті жобалар таныстырылды.

Мемлекет басшысына қазақстандық ІТ стартаптар таныстырылды
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Silkroad Innovations технология хабының қызметі туралы ақпарат берілді. Ол Кремний алқабында Орталық Азия елдерінің талантты жастары мен стартаптарына қолдау көрсетеді.

Мемлекет басшысына қазақстандық ІТ стартаптар таныстырылды
Фото: Ақорда

Кездесуге жалпы құны 1,4 миллиард долларды құрайтын 20-дан аса стартап өкілі қатысты. Бұл ұлттық ІТ экожүйесінің инновациялық әлеуетін танытады.

Мемлекет басшысына қазақстандық ІТ стартаптар таныстырылды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы жоғары технология саласындағы отандық компаниялардың жетістіктерін жоғары бағалап, алдағы үш жылда Қазақстанды толық цифрлық елге айналдыру жөніндегі стратегиялық міндеттің маңызын атап өтті.

– Президент ретінде баршаңызды қолдаймын. Жұмыстарыңыз еліміздің болашағы үшін өте қажет. Цифрландыру мен HighTech мемлекетіміздің басты басымдықтарының бірі саналады. Мен бұл туралы Жолдауымда айттым, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысына қазақстандық ІТ стартаптар таныстырылды
Фото: Ақорда

Айта кетелік Қазақстан мен АҚШ аса маңызды минералдар туралы меморандумға қол қойған еді.

Сонымен қатар Президент АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен және Дональд Трамп Әкімшілігінің басқа да өкілдерімен кездескен еді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев санаулы сағаттардан кейін Дональд Трамппен кездесетіні туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар