Мемлекет басшысының Францияға сапары аяқталды

ПАРИЖ. KAZINFORM - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды Ақорда.

Париж тоқаев
Фото: Ақорда

Орли әуежайында Қазақстан Президентін ресми шығарып салу рәсімі өтті.

Ұшу алаңында Құрмет қарауылы сап түзеп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Мемлекет басшысын Францияның Қарулы күштер министрі Себастьян Лекорню мен басқа да лауазымды тұлғалар шығарып салды.

Париж тоқаев
Фото: Ақорда
Париж тоқаев
Фото: Ақорда
Париж тоқаев
Фото: Ақорда

Айта кетейік, бұған дейін Президенттің Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барғанын жазғанбыз.

Сонымен қатар, Kazinform тілшісі Қазақстан мен Франция қарым-қатынасының нығаюын жан-жақты қамтып көрді.

Елисей сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Қазақстан мен Франция Президенттері Бірлескен декларация қабылдады.

Сонымен қатар Эмманюэль Макрон Қазақстан Президентінің Францияға сапары туралы жазба жариялады.

Президент Францияға сапары туралы «Ыстық ықыласқа ерекше тәнті болдым» деп жазды.

Соңғы жаңалықтар