Михаил Кукушкин Ұлыбританиядағы турнирдің жартылай финалына өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 313-ракеткасы Михаил Кукушкин Ноттингем (Ұлыбритания) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты. 

Кукушкин
Фото: Sports.kz

Тәжірибелі теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 537-орындағы америкалық Кэннон Кингслидің меселін қайырды.

Бірінші партия 6:2 есебімен аяқталса, Кукушкин екінші сетте де сол қарқынынан танған жоқ — 7:5.

Бір сағат 22 минутқа созылған бәсекеде қазақстандық спортшы 7 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Кингсли 8 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) ерекшеленді. 

Михаил Кукушкин финалға шығу үшін әлемнің 233-ракеткасы, корт иесі Йоханнус Мандэймен шеберлік таластырады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жылдың алғашқы турнирінің ширек финалына шыққанын жазған едік

Сондай-ақ Александр Бублик Гонконг турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Тимофей Скатов Үндістандағы жарыстың финалына шығу үшін таласады

Соңғы жаңалықтар