Моңғолияның сыртқы қарызы 7,4 пайызға өсті
АСТАНА. KAZINFORM — 2024 жылы Моңғолияның жалпы сыртқы қарызы 37,1 млрд АҚШ долларын құрап, 7,4 пайызға ұлғайды, деп жазады Синьхуа.

Бұл туралы сәрсенбіде Моңғолияның ұлттық Статистика комитеті хабарлады.
— Бұл көрсеткішке тікелей инвестициялар немесе фирмааралық несиелердің 14,4 пайызға өсуі әсер етті, — делінген ресми хабарламада.
Комитет таратқан ақпаратқа сүйенсек, Моңғолияның сыртқы қарызының шамамен 46,5 пайызы тікелей инвестициялар немесе фирмааралық несиелендіруге тиесілі, ал 21,2 пайызы — Моңғолия үкіметінің жалпы қарыздары, ал қалған бөлігі Орталық банк пен басқа жинақтау мекемелерінің қарыздары саналады.
Бұл ретте Дүниежүзілік банк сарапшылары 2025 жылы тау-кен өнеркәсібінің өсуі және ішкі сұраныстың артуы есебінен Моңғолия экономикасы 6,5 пайызға өседі деп болжап отыр.
Бұған дейін хабарланғандай, Моңғолиядан табылған көне түрік бітіктасындағы жазулар оқылды.
Сондай-ақ, Моңғолияда әлемдегі қар барысының 20 пайызы мекендейтіні де айтылды.