Муай-тай: Тұрар Дүйсехан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жеңімпаз атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Муай-тайдан Қазақстан құрамасының өкілі Тұрар Дүйсехан Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан қоржынына 11-ші алтын медальді салды.

Муай-тай: Тұрар Дүйсехан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жеңімпаз атанды
Фото: Тұрар Қазанғапов/ҚР ҰОК

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді. ҚР ҰОК мәліметінше, финалда Дүйсехан Ирак спортшысы Аяд Албадрды жеңді.

Бірінші раундта қарсылас басым түссе, қалған екі раундта жерлесіміз жеңіске жетті.

Айта кетейік, Қазақстан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңінде топ жарды.

Кирилл Герасименко Олимпиадада кеткен есесін қайтарып, Ислам ойындарында жеңімпаз атанды.

 

Соңғы жаңалықтар