Нетаньяху Палестина мемлекетіне тағы қарсы шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху аумақтың кез келген жерінде Палестина мемлекетін құруға қарсылығы өзгермегенін мәлімдеді, деп хабарлайды DW ақпарат агенттігі.

Нетаньяху вновь выступил против палестинского государства
Фото: Anadolu Ajansı

— Маған ешкімнің қолдауы, твиттері немесе дәрістері қажет емес, — деді Нетаньяху жексенбі күні өткен үкімет отырысында оңшыл министрлердің бұл мәселе бойынша ұстаным білдіру туралы үндеуіне жауап ретінде.

Бір күн бұрын әсіре оңшыл партиялардың министрлері Бецалель Смотрич пен Итамар Бен-Гвир үкімет басшысынан АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбітшілік жоспарын қолдайтын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарар жобасында Палестина мемлекеттілігіне «жол» туралы сөздер айтылғаннан кейін Палестина мемлекетін құру идеясынан бас тартуды талап етті. Бен-Гвир егер Нетаньяху қандай да бір шара қолданбаса, үкіметтік коалициядан шығатынын айтып қорқытты.

Еске сала кетсек, қыркүйек айында Трамп пен Нетаньяху Газадағы соғысты тоқтату туралы келісімге келді. 

22 қыркүйекте Франция президенті Макрон БҰҰ Бас Ассамблеясында Палестинаны мойындағаны туралы мәлімдеме жасады

Португалия басқа елдерден кейін Палестинаны мойындады

Оның алдында Канада, Аустралия және Ұлыбритания Палестина мемлекетін мойындайтынын жариялады. Канада Палестинаны ресми түрде мойындаған G7 елдерінің біріншісі болды. 

Соңғы жаңалықтар