21:07, 19 Қараша 2025 | GMT +5
Нұрбек Мұрсал Үндістандағы әлем кубогі кезеңінің финалына жолдама алды
АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстандық боксшы Нұрбек Мұрсал Делиде (Үндістан) өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінің финалына жолдама алды.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында сәтті өнер көрсетті. ҚР ҰОК мәліметінше, Нұрбек финалға жолдама алу үшін өткен жекпе-жекте украиналық Юрий Захарьевті жеңді.
Осылайша, әлем кубогі кезеңінің финалына екі қазақстандық боксшы шықты. Бұған дейін тағы бір отандасымыз Сұлтанбек Айбарұлы да жартылай финалдағы қарсыласын ұтып, финалға өткен еді.
Ұлжан Сәрсенбек әлем кубогі ақтық кезеңінің қола жүлдегері атанды.
Даниял Сапарбай бокстан әлем кубогі кезеңінде қола медаль алды.
Санжарәлі Бегалиев Делиде (Үндістан) өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде ел құрамасының қоржынына қола жүлде салды.