Нұрлан Жақыпов шетелге жеке ұшақпен ұша ма

АСТАНА. KAZINFORM — «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов шетелге жеке ұшақпен ұша ма? Бұл сауалға қор басшысы жауап берді. 

Нұрлан Жақыпов шетелге жеке ұшақпен ұша ма
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

— Тұрақты рейстермен ұшамын, әдетте Air Astana-ны таңдаймын, себебі — біздің портфельдік компания. Егер делегациялық сапар болса, делегация құрамымен жүремін, — деп жауап берді Нұрлан Жақыпов қорда өткен брифингіде.

БАҚ өкілінің Jet-пен ұшпайсыз ба деген нақтылау сауалына қор төрағасы «жоқ» деді.

— Air Astana-дан, қарапайым Airbus ұшағын да ұшуға сұрамаймын. Air Astana коммерциялық ұйым, көпшілікке ашық компания. Егер ондай нәрселермен әуестенсек, ұзаққа бармаймыз. Оның үстіне Air Astana-дан Airbus ұшағын алу мүмкін емес, себебі компанияда ашықтық пен есептілік деңгейі өте жоғары. Мен бизнес-класпен ұшамын, бұл бізде корпоративтік стандартта бекітілген. Соңғы есепті кезеңде біздің табысымыз 2 трлн 400 млрд теңге болды, сондықтан бюджет аясында әрекет етеміз, одан аспаймыз, — деп толықтырды Нұрлан Жақыпов.

Бұған дейін «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазына» қоры экономикалық өсудің драйвері емес, тежегішіне айналды деген сынға жауап берді

Кеше Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов Премьер-министрдің атына сауал жолдап, «Самұрық-Қазына» қоры Қазақстан экономикасының драйвері емес, тежеуіші деп сынаған еді

Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» қоры қызметіне мемлекеттік аудит жүріп жатыр. Оның нәтижесі маусымның соңында шығады.

Сондай-ақ қор басшысы Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазына» жалпы ішкі өнімнің 50-60 пайызын құрайды деген ақпаратты жоққа шығарды

Соңғы жаңалықтар