Оқу-ағарту министрі ант берді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Үкімет отырысында таяуда Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалған Жұлдыз Сүлейменова ант берді.

оқу-ағарту министрі
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

- Қазақстан халқы мен Президенті алдында өз Отаным — Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін, ант етемін, - делінген ант мәтінінде.

Жұлдыз Сүлейменова ант берді
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды

Таяуда Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шарада Оқу-ағарту министрі өскелең ұрпаққа сапалы білім және тәрбие жұмысында ұстаздармен, ата-аналармен ынтымақтастықта жұмыс жүргізілетінін атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар