10:26, 20 Ақпан 2024 | GMT +5
Оқу-ағарту министрі елімізде қанша заманауи мектеп салынатынын айтты
АСТАНА. KAZINFORM - «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы еліміздегі оқушы орындарының тапшылығын шешуге, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін жоюға бағытталған. 2024-2025 жылдары 740 мың оқушы орнына арналған 369 мектеп салыну жоспарланып отыр. Оның ішінде биыл 217 мектепті қолданысқа беру көзделген. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың баяндады.
Мектеп құрылысы бірыңғай стандарт бойынша жүзеге асырылып жатыр. 163 мектеп ауылдық жерлерде салынады. Бұл білім ошақтары заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталады.
Сонымен қатар жайлы мектептер ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз ортаны сақтайды.