Оңтүстік Корея президентінің тағдырын Конституциялық сот шешеді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазір барлық назар президент Юн Сок Ёлға импичмент жариялау туралы соңғы шешімді қабылдап жатқан Конституциялық сотқа ауып отыр, деп хабарлайды Kazinform Yonhap ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Оңтүстік Кореяның 300 орындық Ұлттық ассамблеясы импичментке қарсы 204-ке қарсы 85 дауыс берді, бұл сегіз жылдағы бірінші және ел тарихындағы үшінші дауыс.
Президентті қызметінен кетіру немесе оны қалпына келтіру туралы шешімін мақұлдауға соттың 180 күні бар. Бұл мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуге түрткі болуы мүмкін, әрі Оңтүстік Кореяның саяси болашағын анықтаға мүмкіндік.
Соңғы президенттік импичмент 2016 жылы президент Пак Кын Хе қызметінен босатылған кезде өтті.
Сот Ұлттық ассамблеяның Пак Кын Хе туралы өтінішін мақұлдағанша 91 күн өтті. Марқұм бұрынғы президент Но Му Хенге келетін болсақ, сот 63 күндік талқылаудан кейін 2004 жылы парламенттің импичмент туралы өтінішін қабылдамады.
Конституциялық сот төрағасының міндетін атқарушы Юн Сок Ёлға импичмент жариялау бойынша тез әрі әділ шешім қабылдауға уәде берді.
Импичмент туралы шешім оның кеңсесіне жеткізілгеннен кейін Юн Сок Ёль қызметінен босатылады, ал премьер-министр Хан Дак Су президенттің міндетін атқарушы болады.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяның Ұлттық ассамблеясы өткен аптада әскери жағдай енгізу әрекетіне қатысты Юн Сок Ёл мен жеті шенеунікті тез арада қамауға алуды талап ететін қарар қабылдады.
Сондай-ақ Оңтүстік Корея парламенті президент Юн Сок Ёльға қатысты айыптауларды тексеру үшін арнайы прокурор тағайындау туралы заң жобасын қабылдады.
Бұған дейін Оңтүстік Корея президентіне сапарға шығуға тыйым салынды. Елден шығуға тыйым салу Юн Сок Ёль жариялаған әскери жағдайға байланысты тергеу амалдары үшін қажет болды.
Еске сала кетсек, Оңтүстік Кореяның прокуратурасы президентке қарсы мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағып отыр. Оңтүстік Кореяның бұрынғы қорғаныс министрі де мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен қамауға алынды.
Сонымен қатар, Ұлттық жиналыс пленарлық отырыста Президентке импичмент жариялау туралы ұсынысқа дауыс салды. Биліктегі «Халықтық билік» партиясының (ХБП) үш заң шығарушысынан басқасы импичмент туралы ұсынысқа дауыс беруге бойкот жариялады.
Бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хен президент Юн Сок Ёлға өткен аптада әскери жағдай енгізу арқылы бүлік шығаруға көмектесті деген айыппен cәрсенбіде ресми түрде қамауға алынды.