18:54, 19 Мамыр 2023 | GMT +5
Оралда жоғалып кеткен жасөспірім аман-есен табылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында жоғалып кеткен жасөспірім аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жасөспірімнің анасы Заря Қиясова ұлының аман-есен табылғанын хабарлап, бәрі жақсы екендігін жеткізді.
ҚазАқпарат бұдан бұрын жазғандай, 2005 жылғы Бибол Әміржанов 15 мамыр күні түсте үйінен шығып кетіп, содан бері оралмаған еді.
Бүгін 18-ге толған ол қызымен жүрген болып шықты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автобуста кондукторларға қол жұмсаған бұзақылар ұсталғанын жазған болатынбыз.