Оразбек Асылқұлов бокстан Азия чемпионатында күміс алды

АСТАНА. KAZINFORM – Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Оразбек Асылқұлов күміс жүлдеге ие болды. 

Оразбек Асылқұлов
Фото: qaz_team_official

О.Асылқұлов 57 келіге дейінгі салмақта әлем және Азия чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы, аса тәжірибелі өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловпен шаршы алаңға шықты.

Азулы қарсыласынан именбей айқасқан Оразбек бірінші раундта соққыларын дәл тигізе білді. Мұны төрешілер көрмей қалған жоқ – 5:0. 

Екінші кезеңде өзбекстандық боксшы алғашқы раундтағы есепті қайталап, таразы басын теңестірді. Ал шешуші үшінші раунд 5:0 есебімен М.Мирзахалиловтың пайдасына шешілді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия чемпионатының финалында 9 боксшының жетеуі өзбекстандықтармен алтынға таласатынын жазған едік. 

Сондай-ақ Санжар Тәшкенбай бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Махмұд Сабырхан алғаш рет бокстан Азия чемпионатында топ жарды.

Соңғы жаңалықтар