«Ордабасы» премьер-лигада екінші орынға көтерілді

None
fcordabasy.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 10-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турды «Ордабасы» (Шымкент) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) командалары түйіндеді.

Шымкенттік клуб соңғы ойындарда жақсы нәтижеге жетіп келеді. Сол арқылы турнир кестесіндегі жағдайын түзеп алды.

Бүгінгі кездесуде алғашқы минуттан олар жеңіске жету жолын іздеді. Десе де оларға көкшетаулық клуб лайықты қарсылық көрсете білді.

Кездесу тағдырын «Ордабасы» сапынан Ауро Алваро да Крус Жуниор 32-минутта соққан жалғыз гол шешті.

Осылайша шымкенттік клуб қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді.

Айта кетсек, бұдан бұрын «Тобыл» «Мақтаралдан» 1:0 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ, «Қайсар» сырт алаңда «Қайратты» жеңді.

Еске салсақ, 20 мамырда «Жетісу» өз алаңында «Атыраудан» 0:3 есебімен жеңілді.

Ал «Шахтер» «Ақсуды» - 2:1, «Астана» «Қызылжарды» 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Енді 11-тур ойындары 27 және 28 мамырда өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар