08:54, 23 Сәуір 2025 | GMT +5
«Оскарды» енді ЖИ көмегімен түсірілген фильмдер алуы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM — Америка кинематографиялық академиясы «Оскар» сыйлығына ұсынылған фильмдерде жасанды интеллект технологияларын пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа ережелерді жариялады.

ВВС хабарлауынша, құжатта ЖИ және басқа да цифрлық құралдарды пайдалану «номинация алу мүмкіндігіне көмектеспейді де, зиян да келтірмейді» делінген. Сондықтан мұндай технологияларды пайдалана отырып түсірілген фильмдер негізінен «Оскар» сыйлығына үміттене алады.
Алайда Академия жеңімпаздарды таңдау кезінде адамдардың белгілі бір жұмысқа қосқан үлесін әлі де ескеретініне уәде берді.
Бұған дейін Гейтс ЖИ арқасында еңбек нарығында төңкеріс болатынын мәлімдеген.
Сондай-ақ БАӘ заңдарды жасау үшін ЖИ қолданатын бірінші ел болатынын жазған болатынбыз.