Отбасы банк: 1-6 қаңтардағы төлемдерге өсімпұл алынбайды

АСТАНА.KAZINFORM — Отбасы банк ипотекалық несие бойынша төлемдерді қайта қабылдайтынын хабарлады және 1–6 қаңтар аралығында төлем жасай алмаған клиенттерге ешқандай айыппұл салынбайтынын мәлімдеді.

«Отбасы Банк»
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Қазақстандықтар ипотекалық ай сайынғы төлемдерін 7 қаңтар сағат 20:00-ге дейін жасай алады, бұл төлемдер кешіктірілген деп саналмайды, өсімпұлдар алынбайды, ал төлемдердің кешіктірілгені туралы ақпарат кредиттік бюроға берілмейді. Төлемдерді серіктес банктер – Kaspi Bank, Halyk банк, сондай-ақ Қазақстанның кез келген банкі арқылы ағымдағы есепшотқа аудару арқылы жасауға болады.

Қаржы ұйымы қосымша атап өткендей, мобильді қосымша штаттық режимде жұмыс істеп тұр, барлық негізгі функциялар толық көлемде қолжетімді.

Еске сала кетейік, Отбасы банк қосымшасы мен enpf-otbasy порталы уақытша істен шыққан еді.

Айта кетейік, Отбасы банк Алматыдан Астанаға көшіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар