Өзбекстан 2030 жылға қарай 20 млн шетелдік турист қабылдауға ниетті

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстан 2030 жылға қарай елге келетін шетелдік туристер санын 20 миллионға дейін арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Өзбекстан 2030 жылға қарай 20 млн шетелдік турист қабылдауға ниетті
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

«Өзбекстан — 2030» жаңартылған стратегиясына сай, алдағы 4 жылда ресми Ташкент туризмнен түсетін пайданың ішкі жалпы өнімдегі үлесін қазіргі 3,5%-дан 7%-ға дейін ұлғайтуға мүдделі.

Сонымен қатар, ел үкіметінің алдына туристік қызмет экспортының жылдық көлемін 6 млрд долларға жеткізу міндеті қойлып отыр.

Еске салайық, былтыр көршілес елге 11,7 млн шетелдік турист келген. Оның ішінде Қырғызстан (3,3 млн адам), Тәжікстан (2,7 млн адам) және Қазақстан (2,7 млн адам) азаматтарының үлесі басым.

Қоса кетсек, наурыз айынан бастап Ташкенттен Атырауға тікелей әуе рейсі ашылады.
Сондай-ақ, Өзбекстан билігі 2030 жылға қарай өзара визасыз саяхаттай алатын мемлекеттердің санын 50-ге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар