Өзбекстанда енді тергеу кезінде күдіктінің елден шығуына шектеу қойылмақ

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстанда қылмыстық іске қатысты жүріп жатқан тергеу кезінде қамауға алынбаған күдіктілердің елден шығуына шектеу қою ұсынылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Тергеу
Фото: pexels.com

Өзбекстан парламентінің төменгі палатасы қылмыстық іс жүргізу процессін жетілдіруге бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда қабылданды.

Депутаттар қылмыс жасаған, бірақ қамауға алынбаған күдіктілер тергеуден жалтару мақсатында жиі шекара асатынын атап өтті. Салдарынан жәбірленушінің құқығын қорғау және келтірілген залалды өтеу механизмі күрделене түседі.

Өзбекстанда енді тергеу кезінде күдіктінің елден шығуына шектеу қойылмақ
Фото: Өзбекстанның Заң шығару палатасы

Сондықтан мұндай санаттағы азаматтардың елден шығуын шектеу ұсынылып отыр. Талқыланып жатқан заң жобасына сай, қамауға алынбаған күдіктінің шекара асу әрекетіне тергеуші, прокурор немесе сот тыйым салуға хақылы.

Еске салайық, былтыр Өзбекстанда 132 298 қылмыс тіркелген, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 27,1%-ға көп.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, таяуда Өзбекстанда заңсыз байлыққа кенелгендерге жаза енгізу ұсынылды.

Сондай-ақ, былтыр Өзбекстанда жол апатынан 2 мыңнан астам адам қаза тапты. Сондай-ақ, Өзбекстанда жол ережесін жиі бұзатындар енді көлік басқару құқығынан айырылады.

 

Соңғы жаңалықтар