Пәкістанда дауыл соғып,19 адам көз жұмды

АСТАНА.KAZINFORM - Пәкістанның 20 миллионнан астам тұрғыны бар Карачи қаласына нөсер жаңбыр жауып, дауыл соқты. Салдарынан кемінде 19 адам қаза тауып, көптеген адам жарақат алды, деп хабарлайды Еuronews.

Пәкістанда дауыл соғып,19 адам көз жұмды
Фото: Anadolu

Қолайсыз ауа райы кезінде үйлердің шатырлары мен қабырғалары құлап, ағаштар мен жарнама қалқандары құлатылған. 

Толассыз жауған жаңбыр қаланың бірқатар ауданында су тасқынын туындатты. Көшелер су астында қалып, көлік қозғалысы мен жедел қызметтердің жұмысы қиындады.

Құтқарушылар үйінділерді аршып, үйінді астында тағы да зардап шеккендер болуы мүмкін деген болжаммен іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жергілікті билік тұрғындарды қауіпсіздік үшін үйлерінен шықпауға шақырды.

Айта кетелік Ауғанстан Пәкістанды Кабулдағы 400 адамның қазасы үшін айыптады.

Соңғы жаңалықтар