Пәкістанда қарулы адамдардың шабуылынан кемінде 38 адам қаза тапты

ИСЛАМАБАД. KAZINFORM – Бүгін, 26 тамызда Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар екі рет шабуыл жасап, кемінде 38 адам көз жұмды. Қауіпсіздік күштері 12 шабуылшының да көзін жойған. Бұл туралы «Associated Press» хабарлады. 

пәкістан
Фото: apnews.com

Полиция офицері Аюб Ачакзайдың айтуынша, Белуджистанның Мусахаил ауданында автобустардан, көліктерден және жүк көліктерінен ұрлап әкеткен 23 адам оққа ұшқан. Шабуылшылар қашып кетпес бұрын кемінде 10 көлікті өртеп жіберген. 

Сондай-ақ, сол провинцияның Калат ауданында қарулы адамдар кем дегенде тоғыз адамды, оның ішінде төрт полицей мен бес бейбіт тұрғынды өлтірді.

Көтерілісшілер Боландағы темір жолды жарып жіберді, Мастунг қаласындағы полиция бөлімшесіне шабуыл жасады және Гвадарда, Белуджистанның барлық аудандарында көліктерді өртеген.

Шабуылды «Белужистанды азат ету армиясының» радикалдары ұйымдастырғаны атап өтілді.

Айта кетейік, Белуджистан Пәкістанның көптен бері жалғасып келе жатқан қақтығыстардың ортасы болуда, бірнеше сепаратистік топтар негізінен қауіпсіздік күштеріне қарсы шабуылдар жасауда. Көтерілісшілер Исламабадтағы орталық үкіметтен тәуелсіздік талап етіп келеді.

Соңғы жаңалықтар