Пәкістанда желім зауытындағы жарылыстан 16 адам мерт болды

АСТАНА. KAZINFORM — Пәкістанның Фейсалабад қаласында болған жарылыстан 16 адам қаза тапты, оның алтауы бала, деп хабарлайды ANEWZ.

Пәкістанда желім зауытындағы жарылыстан 16 адам мерт болды
Фото: Анадолы

Жарылыстан аймақтағы бір ғимарат құлады. Сондай-ақ жақын маңдағы көптеген құрылысқа айтарлықтай зиян келді. Жарылыстың салдарынан аймақтың әр бөлігінде өрт тұтанды. 

Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі өртті өшіріп, құлаған ғимарат үйінділерінің астында қалған адамдарды құтқарды. 

Фейсалабад комиссары Раджа Джахангир Анвар жарылыс зауыттың химиялық қоймасындағы газдың шығуынан болғанын хабарлады. Зауыт басшысы қамауға алынды.

Әзірге жарылыстан қанша адам зардап шеккені белгісіз.

Айта кетейік, бұған дейін Пәкістан астанасы Исламабадта жарылыс болды. Онда 12 адам мерт болып, ондаған адам жарақат алды.

Соңғы жаңалықтар