Павлодарда іздеуде жүрген 15 қылмыскер ұсталды

  ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Олардың ішінде тонау, ұрлық, зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғалары, көлік ұрлығы және есірткі қылмыстары бойынша іздеуде жүргендер бар.

Павлодарда іздеуде жүрген 15 қылмыскер ұсталды
Фото: ҚР ІІМ

Жыл басынан бері Павлодар облысы полициясының жедел қызметкерлері әртүрлі қылмыстарға қатысты тергеу органдарынан жасырынған қылмыскерлердің орнын анықтаған. Іздеуде жүрген барлығы 15 қылмыскердің ізін кесіп, қолға түсірген.

— Ұсталған қылмыскерлердің ішінде тонау, ұрлық, зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғалары, көлік ұрлығы және есірткі қылмыстары бойынша іздеуде жүргендер бар. Мысалы, туған елінде жол-көлік оқиғасын жасап, қаржыны жымқырғаны үшін іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматы ұсталды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Душанбедегі әріптестерімізге хабар берілді, — деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаментінен.

Тәртіп сақшылары әділеттен қашып құтылудың ешбір жолы жоқ екенін айтады. Қашқындар тіпті шетелде жасырынса да, жасаған әрекеттері үшін жауапкершіліктен құтылмайды.

Еске сала кетейік, өткен жылы елімізде іздеуде жүрген 1600-ге жуық қылмыскер ұсталды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум