Павлодарда жылу магистральдері толық жаңартылды
АСТАНА. KAZINFORM – Жыл басынан бері Павлодарда республикалық мәні бар 196 шақырым автожол жөнделді. Бұл туралы өңір әкімі Асайын Байханов баяндады.
– Биылғы жылыту маусымына дайындық аясында біз 26,2 млрд теңгеге 37 шақырымнан астам жылу желілерін салу, қайта құру және жөндеу жұмыстарын жүзеге асырдық. Павлодар және Екібастұз қалаларында жалпы ұзындығы 11 шақырым болатын ЖМ-20А, ЖМ-2 және ЖМ-7 жылу магистральдері толық жаңартылды, – деді А. Байханов елордада Орталық коммуникациялар қызметінде.
Бұл жұмыстар апаттық жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік беріп, 30 мыңнан астам тұрғынды сапалы жылу қамтамасыз еткен.
Сонымен бірге, су және кәріз жүйелерін жаңғырту жұмыстары да қарқынды жүргізіліп жатыр. Осы бағытта 12,1 млрд теңгеге 25 ауқымды жоба қолға алынған.
– Жыл қорытындысы бойынша қалалық және ауылдық елді мекендердің тұрғындары сапалы ауыз сумен толық қамтылатын болады, – деді Павлодар әкімі.
Айта кетейік, Павлодарға 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды.