Перизат Қайрат Палестинаға қаражатты неліктен қолма-қол жеткізгенін айтты

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада «Birgemiz» қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі, волонтер Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот сөзжарысында күдіктінің бұған дейін жабық тергеуде берген кей жауаптары жарияланды.

На что потратили деньги Перизат Кайрат и ее мать
Коллаж: Kazinform

– Аталған айыптау бойынша Перизат Қайрат өз кінәсін мойындаған жоқ және сотқа қаражат қолма-қол түрде Палестина аумағына жеткізілгенін айтты. Оның айтуынша, егер қаражат банк арқылы аударылса, бұл әрекет әскери қақтығысты қаржыландыру ретінде бағалануы мүмкін еді. П.Қайрат шетелге жиі шығуын осы себеппен түсіндіруге тырысты. Алайда, құрметті сот, бұл сапарлар Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қымбат сауда-саттықпен қатар жүрген, – деді прокурор Арман Қызыкен.

Тергеу деректеріне сәйкес, Перизат Қайрат пен оның анасы Палестина халқына гуманитарлық көмек көрсетуге арналған қайырымдылық науқанында жиналған 559 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінген.

Айыптаушы тараптың мәліметінше, кейін бұл қаражат Rebel Flowers гүл дүкенін сатып алу арқылы заңдастырылған.

Бұған дейінгі соттағы сөз жарысында мемлекеттік айыптаушы Мадина Оразалина Перизат Қайраттың ісі әлеуметтік тұрғыдан сезімтал тақырыптарды бас пайдасына қолдануға тырысатындарға сабақ болуы керегін айтқан еді.

Сот тергеуі жалғасып жатыр.

Еске сала кетсек, Перизат Қайрат дайын диплом сатып алғысы келген әрекеті туралы жазған едік. 

Сондай-ақ куәгер Перизат Қайрат қор қаржысын қалай қолма-қол ақшаға аударғанын айтып берді. 

Сот барысында әйгілі әнші, отандасымыз Димаш Құдайбергеннің есімі аталды.

Белгілі болғандай тасқын кезінде Назарбаев зияткерлік мектебінің қызметкерлері 2,9 млн теңге жолдаған. 

Істі қарау кезінде Перизат Қайрат жетекшілік еткен қорға қаржы аударған 47 адам жәбірленуші деп танылды. 

Соңғы жаңалықтар