Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы тікелей эфирде көрсетіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте өтетін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

Jibek Joly, Жібек жолы, телеканал
Фото: Мухтор Хоолдорбеков/Kazinform

— Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдар басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады. Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00–ден бастап республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі, — делінген хабарламада. 

Жолдаудың онлайн трансляциясы Jibek Joly эфирінде, сондай-ақ телеарнаның YouTube арнасында және Kazinform агенттігі сайтында жүргізіледі. Kazinform сайты мен телеграм арнасы жазбаша трансляция да жасайды.  

Еске сала кетейік, бүгін Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды.

Соңғы жаңалықтар