Тоқаев Астанадағы Инклюзивті спорт орталығын аралады

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Инклюзивті спорт орталығының қызметімен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Астанадағы Инклюзивті спорт орталығын аралады
Фото: Ақорда

Бұл еліміздегі мүгедектігі бар адамдарға арналған спорттық, медициналық, оңалту және білім беру инфрақұрылымын біріктірген алғашқы кешен.

Глава государства осмотрел Центр инклюзивного спорта в Астане
Фото: Ақорда

Астанада мүмкіндігі шектеулі 42 мыңға жуық азамат тұрады.

Глава государства осмотрел Центр инклюзивного спорта в Астане
Фото: Ақорда

Олардың басым көпшілігі — балалар, жастар мен еңбекке қабілетті жастағы адамдар.

Глава государства осмотрел Центр инклюзивного спорта в Астане
Фото: Ақорда

Олар орталықта спортпен тұрақты түрде шұғылданып, оңалту курсынан өте алады. Осылайша, әлеуметтік ортаға бой үйретеді.

Глава государства осмотрел Центр инклюзивного спорта в Астане
Фото: Ақорда

Мекемеде көп функционалды спорт залы, реабилитация блогы, 15 медициналық кабинет, конференц-зал, сондай-ақ алты бөлмелі қонақ үй секторы қарастырылған. Мұнда оқу-жаттығу жиыны, жарыстар мен білім беру бағдарламалары кезінде параспортшылар жайғасады.

Президент Инклюзивті спорт орталығын аралап көрді
Фото: Ақорда

Орталықта спорттың 12 бейімделген түрінен жаттығу жүргізіледі. Спорт және білім салаларында мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін маман даярлауға айрықша мән беріледі. 

Президент Инклюзивті спорт орталығын аралап көрді
Фото: Ақорда

Бұдан бұрын Тоқаев Tanym көпфункционалды кешеніне және New Generation School Astana ғимаратына барды.

Соңғы жаңалықтар