16:28, 17 Наурыз 2026 | GMT +5
Президент бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табыс етті
АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, заң мен тәртіпті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетелік бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты.



Сонымен қатар Президент Қазақстанның жаңа Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды.


Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді.

Сонымен қатар Президент жаңа Конституция жастарға бағдар беретін темірқазық болатынын айтты.