Президент бронды машиналар шығаратын зауытқа барды

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы шынжыр табанды және дөңгелекті бронды машиналар шығаратын, сондай-ақ оларға техникалық қызмет көрсететін Besqaru зауытына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент Besqaru зауытымен танысты
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев цехтардағы құрастыру жұмыстарын аралап көріп, қорғаныс өнеркәсібі кешеніне қарасты кәсіпорынның технологиялық процестерімен және өндірістік мүмкіндіктерімен танысты.

Президент Besqaru зауытымен танысты
Фото: Ақорда
Президент Besqaru зауытымен танысты
Фото: Ақорда
Президент Besqaru зауытымен танысты
Фото: Ақорда

Компания жылына 200 бронды техника құрастырады. Олардың қатарында суды кешіп өте алатын, дөңгелекті Taimas8x8, Aibar 4x4 бронды машиналары, сондай-ақ Tulpar шынжыр табанды техникасы бар.

Президент Besqaru зауытымен танысты
Фото: Ақорда
Президент Besqaru зауытымен танысты
Фото: Ақорда

Besqaru компаниясы өз өнімін Қорғаныс министрлігі мен басқа да күштік құрылымдарға арнап шығарады.

Президент Besqaru зауытымен танысты
Фото: Ақорда
Президент Besqaru зауытымен танысты
Фото: Ақорда

Өндіріс алаңы биыл ақпан айында іске қосылды. Жалпы құны 13,5 миллиард теңге болатын жоба аясында 134 жұмыс орны ашылды.

Президент Besqaru зауытымен танысты
Фото: Ақорда
Президент Besqaru зауытымен танысты
Фото: Ақорда
Президент Besqaru зауытымен танысты
Фото: Ақорда
Президент Besqaru зауытымен танысты
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы зауыт қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбегі өнімді болуына тілектестік білдірді. 

Айта кетелік Президент Астананың №1 Индустриалдық паркінде орналасқан бірқатар кәсіпорынның қызметімен танысқан еді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Tausogar зауытында болды

Соңғы жаңалықтар