Президент Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілерін тағайындады

АСТАНА. KAZINFORM — Асет Исенали Корея Республикасындағы, ал Марғұлан Баймұхан Мьянма Одағы Республикасындағы елші қызметін атқарады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Жарлығы
Фото: Ақорда

— Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Асет Жеңісұлы Исенали Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды; Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Президент Жарлығымен Нұрғали Алмасбайұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар