Президент телерадиокешені су тасқыны салдарын жою туралы «Серт» деректі фильмін әзірледі

АСТАНА. KAZINFORM – Деректі фильмде Мемлекет басшысының өңірлерді қалпына келтіру және су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға келген залалды өтеу жөніндегі тапсырмаларының орындалуы баяндалады. 

Президент телерадиокешені су тасқыны салдарын жою туралы «Серт» деректі фильмін әзірледі
Фото: видеодан алынған скрин

2024 жылдың көктемінде Қазақстан 80 жылда болмаған ең ірі табиғи апатты – көктемгі су тасқынын бастан өткерді. Атырау, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында өзендерге арнасынан тасып, үлкен шығын әкелді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сол кезде зардап шеккен бірнеше өңірге барып, оқиғаның ауқымын жеке өзі бағалады, қазақстандықтарға қолдау көрсетіп, Үкімет пен облыс басшыларына бірқатар нақты тапсырма берді. 

Президент телерадиокешені су тасқыны салдарын жою туралы «Серт» деректі фильмін әзірледі
Фото: видеодан алынған скрин

Президент халыққа серт берді және жаз бен күздің 5 айында зардап шеккен аудандарды қалпына келтіру жұмыстары, залалды өтеу іс-шаралары, үй салу мен инфрақұрылымды жөндеу жұмыстары жеке бақылауында болатынын айтты. 

Президент телерадиокешені су тасқыны салдарын жою туралы «Серт» деректі фильмін әзірледі
Фото: видеодан алынған скрин

Су тасқыны кезінде ҚР Президентінің телерадиокешені «Стихия» деректі фильмін түсірді. Содан бері 5 ай өтті. Президенттің Үкіметке берген тапсырмалары қаншалықты орындалды, су тасқынынан зардап шеккен аудандар қалай қалпына келтірілді, тұрғын үйден, мүліктен және малдан айырылған тұрғындар мәселесі толығымен шешілді ме? Мемлекет басшысының елге берген уәдесі орындалды ма? Осы сұрақтарға жауап ретінде «Серт» деректі фильмінде көрерменге су тасқынынан зардап шеккен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының бүгінгі келбеті ұсынылған. 

Соңғы жаңалықтар