Президент Жапония металл және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі ұйым төрағасын қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Жапония металл және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі ұйымының (JOGMEC) төрағасы Ичиро Такахаруды қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жапония
Фото: Ақорда

Кездесуде геологиялық барлау, аса маңызды минералдарды өндіру және өңдеу, сондай-ақ табиғи ресурстарды орнықты басқару бағыттарындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысы Жапония металл және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі ұйымының (JOGMEC) төрағасы Ичиро Такахаруды қабылдады
Фото:Ақорда

Мемлекет басшысы JOGMEC компаниясының Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отырғанын жоғары бағалады. 
Сонымен қатар әңгімелесу барысында ұйымның еліміздегі геологиялық барлау жобаларына қатысу және өкілдік ашу мүмкіндіктері қарастырылды. Президенттің пікірінше, бұл бірлескен жобаларды тиімді үйлестіруге, сондай-ақ Жапонияның өндірістік және технологиялық компанияларының Қазақстан нарығына көптеп келуіне ықпал етеді.

JOGMEC – Жапонияның энергетикалық және минералды шикізат қауіпсіздігіне жауапты негізгі мемлекеттік институты. Ұйым мұнай, газ, сутегі, аммиак және сирек кездесетін металдардың тұрақты жеткізілімін қамтамасыз ететін мемлекеттік оператор міндетін атқарады. 

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды. Сонымен қатар Токиода жалпы құны 3,7 млрд доллардан асатын келісімдерге қол қойылады.

Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне ресми қабылдау өтті.

Кейін Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен және Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кездесті.

Жапония Премьер-министрінің офисінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Жапония Премьер-министрі Қазақстан Президентінің ресми сапары екі елдің өзара тиімді ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Рицумейкан Азия-Тынық мұхиты университетінің тұңғыш қазақстандық вице-президенті Серік Мейірманов Silk Way телеарнасының тілшісіне берген сұхбатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға сапары туралы пікір білдірді.

Қазақстан мен Жапония келіссөз қорытындысында ресми құжаттарға қол қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Rakuten Group компаниясының басшысы Хироши Микитаниді қабылдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұлмен кездесті.

Президент пен Токио губернаторы Юрико Коикэ Smart city технологияларын талқылады.

Астана әкімі мен Токио губернаторы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Президент Токионың Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығын аралап көрді.

Президент Телерадиокешені жапониялық БАҚ-пен байланысын дамытады.

Токио губернаторы Қазақстан Президентін қазақ тілінде қарсы алды.

Соңғы жаңалықтар