Qazaq Air басшысы Нұрлан Жақыпов қызметінен кетті

Нұрлан Жақыпов
Фото: Qazaq Air

АСТАНА. KAZINFORM – Qazaq Air әуекомпаниясының басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы Нұрлан Жақыпов қызметінен кетті. Ол бұл лауазымды атқарғанына небәрі 3 ай болған.

Әуе компаниясының баспасөз қызметі бұл мәліметті растады.

Жақыпов бұған дейін елдегі бірнеше әуекомпанияларда қызмет атқарған. Ал, Qazaq Air компаниясының басшы лауазымына 1 наурызда тағайындалған болатын.

Өткен жылдан бері «Qazaq Air» әуе компаниясы екі рет сатылымға қойылды. Бірақ, сауда жасалмады, оның себебін «Самұрық-Қазына» АҚ даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Сәтжан түсіндірген болатын

Соңғы жаңалықтар