Райымбек батырдың мемориалдық кешені қайта жаңғыртылуда

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мемориалдық кешеннің құрылыс алаңына барып, нысанның қазіргі ахуалымен танысты. 

Райымбек батырдың мемориалдық кешені қайта жаңғыртылуда
Фото: Алматы әкімдігі

Жаңа кешен заманауи мәдени кеңістікке айналып, тарихи мұраны сақтау символы болмақ.

Райымбек батырдың мемориалдық кешені қайта жаңғыртылуда
Фото: Алматы әкімдігі

Кешен құрамына батырлар мұражайы, қайнар су көзі, зияратшыларға арналған бөлмелер, әкімшілік ғимарат және діни рәсімдерге арналған аймақтар кіреді. Сондай-ақ XVIII ғасырдағы жауынгерлік қару-жарақтың қайта жасалған үлгілері ұсынылатын экспозиция ұйымдастырылады.

Райымбек батырдың мемориалдық кешені қайта жаңғыртылуда
Фото: Алматы әкімдігі

— Жыл соңына дейін мұражайдың құрылысы мен абаттандыруды толық аяқтау қажет. Жұмыстар сапалы әрі уақытылы орындалуға тиіс, — деп атап өтті Дархан Сатыбалды.

Райымбек батырдың мемориалдық кешені қайта жаңғыртылуда
Фото: Алматы әкімдігі

Райымбек батыр мавзолейі — Қазақстанның киелі орындар картасына енген, жалпыұлттық маңызы бар нысан. Қайта жаңғырту аяқталғаннан кейін мұнда ұлы қолбасшының өмірі мен ерлігін баяндайтын заманауи экспозиция ашылады.

Айта кетелік Алматыда республикалық эндокринология және қант диабеті орталығы ашылды. 

Соңғы жаңалықтар