Сабина Мамадьярованың қолына ота жасалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркиядағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккен Сабина Мамадьярованың қолына ота жасалды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жер сілкінісінен аман қалған Сабина Мамадьярованың жағдайына келсек, ол қазір Адана қаласының мемлекеттік ауруханасында. Кеше оның зақымдалған қолына операция жасалды. Денсаулық жағдайы тұрақты. Дипломаттар емдеуші дәрігерлермен байланыста, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бүгін консул оған жеке барып қайтады», - деді Айбек Смадияров.

Еске салсақ, ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан мәліметке сай, 7 ақпанда министрліктің жедел желісіне 4 дос жер сілкінісінен кейін байланысқа шықпай қалғаны туралы қоңырау түскен. Солардың бірі – Сабина Мамадьярова аман табылған еді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мирболат (Мирус) Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің денелері табылды.

Марқұмдардың мәйіттері 11 ақпанда елге жеткізіледі.


Соңғы жаңалықтар