Сальвадордағы су тасқынынан 11 адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM – Сальвадорда су тасқынынан кем дегенде 11 адам, оның ішінде үш бала қаза тапты. Қазіргі уақытта міндетті эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы El Salvador хабарлады. 

Сальвадордағы су тасқынынан 11 адам қаза тапты
Фото: elsalvador.com

Толассыз жауған жауынның салдарынан 40 жерде көшкін жүріп, жүздеген ағаш құлады.

Ішкі істер министрі Хуан Карлос Бидегайн 882 адамның баспанасыз қалғанын айтты. Төтенше жағдайдан кейін 6 мың адамды қабылдай алатын 117 баспана дайындалды. Сальвадор үкіметі осал аймақтардағы жағдайды үнемі қадағалап, қауіпті аймақтардың тұрғындарын міндетті эвакуациялау шартын сақтауға шақырды.

Бұған дейін Қырғызстанның Жалалабад облысы ауылдарының 300 тұрғыны су тасқыны салдарынан қауіпсіз жерге көшірілгенін хабарлаған болатынбыз. Су тасқыны 10 жастағы баланың өмірін қиды.

 

Соңғы жаңалықтар